Accessibility links

ШҚО: "арқар атқан" үш адам ұсталған


Музейдегі арқар тұлыбы. (Көрнекі сурет)
Музейдегі арқар тұлыбы. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында "арқарды заңсыз атты" деген күдікпен үш адам ұсталған.

Ауыл шаруашылық министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардан екі арқар және аңшы мылтығы табылған.

Арқар әлемде саны аз қалған жабайы аң ретінде "Қызыл кітапқа" енгізілген. Ауыр шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда 14 мыңнан аса арқар бар.

XS
SM
MD
LG