Accessibility links

ФИФА рейтингі: Қазақстан 141-орынға көтерілді


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

6 тамызда жарияланған ФИФА-ның жаңа рейтингінде Қазақстан бір саты жоғарылып, 141-орынға шықты.

ФИФА рейтингінде Аргентина, Бельгия, Германия, Колумбия, Бразилия құрамалары үздік бестікке енген.

Украина - 30, Ресей -31, Өзбекстан - 76, Беларусь - 69 орында тұр.

Ал Түркменстан 152-орыннан 149-орынға, Қырғызстан 157-орыннан 156-орынға көтерілген.

Келесі ФИФА рейтингі 3 қыркүйекте жарияланады.



XS
SM
MD
LG