Accessibility links

Ауғанстанда тікұшақ апатынан 17 адам қаза тапты


Ауғанстандағы әскери жүк тасымалдайтын "Ми17" тікұшағы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы әскери жүк тасымалдайтын "Ми17" тікұшағы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул уәлаятында бүгін "Ми17" әскери тікұшағы құлап, 17 адам қаза тапты.

Забул уәлаяты полициясы өкілінің айтуынша, Шинкай ауданында құлаған тікұшақта 12 әскери мен экипаждың бес мүшесі мерт болған.

Полиция өкілінің France Press агенттігіне айтуынша, тікұшақ апатына техникалық ақау себеп.​

Армия өкілі апат орнына тергеу тобы аттанып кеткенін айтады.

Ауғанстан әскери-әуе күштерінде әскери жүк тасымалдайтын 80-нен астам "Ми-17" тікұшағы бар.

Халықаралық дағдарыс тобының сарапшысы Грэм Смиттің айтуынша, Ауғанстан әскери күштері үшін ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеуден өткізу үлкен мәселе болып отыр және ол құрлықтағы күштерге әуеден қолдау көрсетуге кедергі келтіреді.

XS
SM
MD
LG