Accessibility links

Ресей рублі бағасы тағы да арзандады


Мәскеуде валюта айырбастау пункті жанынан өтіп бара жатқан ер адам. (Көрнекі сурет).

Мәскеуде валюта айырбастау пункті жанынан өтіп бара жатқан ер адам. (Көрнекі сурет).

Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағасы одан ары арзандай түсті.

Бүгін Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада еуро бағасы 70 рубльге, доллар бағасы 64 рубль 4 тиынға жетті.

Еуро бағасы наурыз айынан бері, ал доллар бағасы ақпан айынан бері төмен болып тұрған.

Рубльдің құлдырауы Ресей экономикасының әлемде мұнай бағасының арзандауы мен батыс елдерінің санкциясы әсерінен рецессияға түсуімен байланысты.

2014 жылы рубль өз құнының артысына жуығын жоғалтқанымен, биыл жыл басында мұнай бағасы тұрақтанған соң қалпына келе бастаған.

XS
SM
MD
LG