Accessibility links

Үнді мұхиты аралынан ұшақ сынықтары табылды


Үнді мұхитындағы Реюньон аралы жағалауынан табылған ұшақ сынығын көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.

Үнді мұхитындағы Реюньон аралы жағалауынан табылған ұшақ сынығын көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.

Үнді мұхитындағы Реюньон аралы жағалауынан ұшақ иллюминаторы, кресло жастықшалары мен ұшақтың өзге де ұсақ бөлшектері табылды. Бұған дейін осы аймақтан табылған ұшақ қанаты сынығын сарапшылар Malaysian Airlines компаниясының жоғалған Boeing 777 ұшағына тиесілі деп ұйғарым жасаған.

Бірақ бүгін Малайзия транспорт министрі Лиоу Тионг Лай бұл ұшақтың өткен жылы наурыз айында жоғалған ұшақ екенін нақты айту қазір мүмкін емес деп мәлімдеген.

Барлық табылған ұшақ сынықтары Францияға сараптамаға жөнелтілді. Қазір малайзиялық мамандар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак француз сарапшылары таяуда Реюньон аралы маңынан табылған ұшақ бөлшектерін Boeing ұшағына тиесілі деп ұйғарғанын мәлімдеген. Бірақ сарапшылардың өздері ұшақ сынықтарының Boeing ұшағына тиесілі болуы әбден мүмкін деп қана болжам жасайды.

Malaysia Airlines компаниясының MH370 жолаушылар рейсінің Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыз айында Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Ұшақ бортындағы 239 адамның барлығы қаза тапты деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG