Accessibility links

Түркияда автобус апатынан қазақстандықтар зардап шеккен


Түркияда апатқа ұшыраған автобус.
Түркияда апатқа ұшыраған автобус.

Бейсенбі күні Түркияның Пумаккале мен Анталия қалалары арасындағы тас жолда апатқа ұшыраған автобуста Ресей, Қазақстан, Латвия, Беларусь және Украина азаматтары болған.

Түркиядағы Ресей елшілігінің ақпараты бойынша, автобуста болған 64 адамның 38-і жарақат алып, алты адам мерт болған.

Түркиядағы Қазақстан елшілігінің мәліметінше, автобуста жеті қазақстандық болған. Олардың бесеуі жарақат алған, қалған екеуінің жағдайы әзірше белгісіз.

Қазақстан елшілігі автобус апаты салдарынан зардап шеккен бес қазақстандықтың денсаулығына қауіп жоқ екенін, басқа да ақпараттар тексеріліп жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG