Accessibility links

Еуропа лигасы: «Қайрат» плей-офф кезеңіне өтті


"Қайрат" футбол командасы (Сурет команданың ресми сайтынан алынды).

"Қайрат" футбол командасы (Сурет команданың ресми сайтынан алынды).

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне өтті. Қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінде шотландиялық «Абердин» командасынан басым түсті.

Бейсенбінің кешінде Абердинде өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бұған дейін, шілденің 30-ы күні Алматыдағы ойында «Қайрат» 2:1 есебімен ұтқан еді. Екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен алға шыққан «Қайрат» енді плей-офф кезеңінде ойнайды. Бұл кезеңнен өтсе Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.

Плей-офф кезеңінің жеребесі бүгін, тамыздың 7-сі күні өтеді. Ал плей-офф ойындары тамыздың 20-ы мен 27-іне жоспарланған.

Осыған дейін футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне өткен.

XS
SM
MD
LG