Accessibility links

Кабулда шабуылдан кемінде үш адам өлген


Жарылыс болған жерде тұрған ауған қауіпсіздік күштері қызметкері. (Көрнекі сурет)

Жарылыс болған жерде тұрған ауған қауіпсіздік күштері қызметкері. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Кабулда Ауғанстан ұлттық армиясының барлау қызметі базасы жанында автокөлікке қойылған бомба жарылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыстан кемінде үш адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланған деп хабарлайды France-Presse агенттігі. Reuters ауғанстандық қауіпсіздік қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап, қаза тапқандар саны 15 адамнан кем емес деп хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс күшінен екі километрлік радиустегі ғимараттардың терезелері сынған.

Ауғанстан қорғаныс министрінің орынбасары генерал Аюб Саланги «автокөліктегі жарылыс Шах Шахид ауданында болған, қаза тапқандар бар, ғимаратар мен нысандар бүлінген» деп жазды Twitter әлеуметтік желісінде.

Жергілікті аурухана қызметкерлері медициналық жәрдем сұрап келіп жатқандар саны көп, арасында әйелдер мен балалар бар деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG