Accessibility links

Баландин жүзуден әлемдік жарыста финалға шықты


Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин.
Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин.

Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан су спортынан әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин брасс әдісімен жүзуде 200 метр қашықтықты 2 минут 9,22 секундта жүзіп өтіп, финалға шыққан сегіз спортшының қатарына енді.

Финал бүгін, 7 тамыз күні Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.

Қазақстандық спортшы осыған дейін 100 метр қашықтықты 59,42 секундта жүзіп өтіп, 4-орын алған. Әзірге бұл оның әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі.

Баландин 2014 жылы Оңтүстік Кореядағы Азия ойындарында 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанған. Ал 2013 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 31-орын алған.

Қазақстандық атлет биыл Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен жазғы универсиада жарысында 100 метрге жүзуден чемпион болған.

XS
SM
MD
LG