Accessibility links

Путинцева Вашингтондағы жарысты аяқтады


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 71-орында тұрған Юлия Путинцева Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан Citi Open турнирінің екінші кезеңінен өте алмады.

Ол америкалық теннисші Кристина Макхэйлден 2:6, 6:1, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Путинцева бірінші айналымда жапониялық Куруми Нараны ұтқан еді.

Осы жарысқа қатысқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бірінші айналымнан кейін жарыстан шығып қалған. Ол америкалық Лаурен Дэвистен бірінші сетте 5:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте 1:2 есебімен жеңіліп жатып, жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Вашингтондағы жарыс 9 тамызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG