Accessibility links

ШҚО: шахтада вагон басқан жұмысшы қаза тапқан


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Шығыс Қазақстан облысында KAZ Minerals тобына қарасты «Востокцветмет» кәсіпорнының шахтасында төтенше оқиғадан бір жұмысшы мерт болып, бір адам ауыр жарақаттанған.

KAZ Minerals баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жұмысшы да шахтада жүк тиелген вагон астында қалып қойған. Оқиға тамыздың 6-сы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30 кезінде Глубокое ауданындағы Ертіс шахтасында болған.

KAZ Minerals ақпараты бойынша, жүк тиелген вагондарды орнынан қозғау кезінде бір вагон шешіліп кетіп, екі жұмысшыны басып қалған. Бір адам сол жерде мерт болып, ауыр жарақат алған екіншісі Глубокое аудандық ауруханасына жеткізілген.

Төтенше оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG