Accessibility links

Немцов ісі бойынша күдікті қысым көргенін айтты


Немцовтың қазасына күдікті деп танылған Анзор Губашев Мәскеу қалалық сотында отыр. 1 сәуір 2015 жыл.

Немцовтың қазасына күдікті деп танылған Анзор Губашев Мәскеу қалалық сотында отыр. 1 сәуір 2015 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтірді деп күдікке ілінген Анзор Губашев өзіне түрмеде қысым жасалғанын айтып Ресей тергеу комитетіне шағымданды.

«Коммерсант» газетінің жазуынша, Губашев тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің атына жолдаған шағымында құқық органдарының қызметкерлері өзін Ингушетияда белгісіз жерде қамауда ұстап, «қоқаң-лоқы көрсетіп, соққыға жыққаны» туралы жазған.

Осыған дейін Немцов ісі бойынша күдікті ретінде қамалған Заур Дадаев пен Темирлан Эскерханов та азаптау көргендерін айтып, шағым түсірген. Бірақ тергеу комитеті күдіктілерді азаптауға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

Борис Немцовты биыл ақпанның 27-інде кешке белгісіз біреулер Мәскеудің орталығында атып өлтіріп кеткен еді.

XS
SM
MD
LG