Accessibility links

Чемпиондар лигасы: "Астана" Кипр чемпионымен ойнайды


"Астананың" үшінші іріктеу кезеңіндегі финляндиялық ХИК командаласымен өткізген матчы. Астана. 5 тамыз 2015 жыл

"Астананың" үшінші іріктеу кезеңіндегі финляндиялық ХИК командаласымен өткізген матчы. Астана. 5 тамыз 2015 жыл

Футболдан "Астана" командасының чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Бүгін Ньонда (Швейцария) өткен жеребе тарту рәсімінен кейін "Астана" Кипр чемпионы АПОЭЛ командасымен ойнайтыны белгілі болды.

Алғашқы ойын 18 тамызда Астанада, қарымта матч 25 тамызда Кипрде өтеді.

Жеңіске жеткен команда чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Егер "Астана" жеңіске жетсе онда Қазақстаннан чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда болмақ.

XS
SM
MD
LG