Accessibility links

Бақылаушылар: ИМ Сирияда ондаған христианды ұрлаған


Алеппо қаласы маңында шабуылдан зардап шеккен елді мекен, Сирия. Мамыр 2015 жыл.

Алеппо қаласы маңында шабуылдан зардап шеккен елді мекен, Сирия. Мамыр 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары Сирияның стратегиялық Хомс провинциясындағы Әл-Карьятэн қаласын басып алған соң 230-ға жуық бейбіт тұрғынды ұрлап әкетті. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, ұрланғандар арасында кемінде 60 христиан бар.

Сирияның солтүстігіндегі Халеба қаласынан христиандардың көпшілігі бас сауғалап Әл-Карьятэн қаласына қашқан.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының жетекшісі Рами Абдель Рахманның айтуынша, ИМ бұған дейін ұрланғандарға "Сирия режимімен жұмыс істесті" деген айыппен іздеу жариялаған.

Соғысқа дейін Әл-Карьятэн қаласында сүнниттер мен екі мыңға тарта католик және православ христиандарын қосқанда 18 мың халық тұрған.

Осы күні қалада қалған христиандар саны бірнеше жүз адамды ғана құрайды.

XS
SM
MD
LG