Accessibility links

"Донбастағы қақтығысқа қатысқан" қазақстандық сотталды


Донецк қаласында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Донецк қаласында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны шетелде әскери қақтығысқа қатысты деген айыппен үш жылға шартты түрде сотталды деп хабарлады Азаттыққа облыстық соттың баспасөз хатшысы Дәулет Кенжебаев.

Сот және тергеу материалдары бойынша, сотталған азаматы Украина шығысында ресейшіл сепаратистер қатарында болып, жараланғандарға медициналық көмек көрсеткен. Соттың ақпаратына қарағанда, Қазақстан азаматы 2014 жылдың жазында Луганск түбіндегі ұрыста болған, бірақ "бір рет те қару ұстап, оқ атпаған". Ұрыста жаралған азамат Донецк ауруханасына емделуге жіберілген. Емделгеннен соң ол Өскеменге қайтып келіп, ол жерден оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ұстаған.

Өскемен қалалық 2-сотының шешімі бойынша, аты-жөні аталмаған ер адам шет мемлекет территориясындағы қарулы қақтығысқа заңсыз, бірақ жалдамалы есебінде емес, саналы түрде қатысқан деп айыпталған.

XS
SM
MD
LG