Accessibility links

Еуропа лигасы: "Қайраттың" қарсыласы белгілі


"Қайрат" командасының украиналық футболшысы Анатолий Тимощук жаңа командасының құрамында кезекті ойынға шығып келе жатыр.

"Қайрат" командасының украиналық футболшысы Анатолий Тимощук жаңа командасының құрамында кезекті ойынға шығып келе жатыр.

Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шыққан Алматының "Қайраты" қарсыласын білді.

"Қайрат" бұл іріктеу кезеңінде Францияның "Бордо" командасымен ойнайды. Бірінші матч 20 тамыз күні Францияда, қарымта ойын 27 тамызда Алматыда өтеді. "Бордо" былтырғы маусымда Франция чемпионатында алтыншы орын алған.

Қазақстан мен Франция клубтары еуропалық турнирлер аясында алғаш рет кездеседі. Жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG