Accessibility links

Ресей базасында Азаттық тілшісінен материалдарын тартып алды


Азаттық логотипі. (Көрнекі сурет).

Азаттық логотипі. (Көрнекі сурет).

Тәжікстандағы тәжік азаматын өлтірді деп айыпталған екі әскеридің соты өтіп жатқан Ресейдің 201-мотоатқыштар дивизиясының офицерлері Азаттықтың Тәжік редакциясының тілшілерін сөзбен жекіп, сот залынан түсірген видеоматериалдарын тартып алды.

201-әскери базаның полковнигі Перепелица Азаттықтың Тәжік редакциясы тілшілерін "әскери базаның беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялайды" деп айыптаған.

Журналистерден видеоматериалдарын тартып алған офицер материалдарды Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі тексерген соң қайтаратынын айтқан.

Оқиғадан бір сағаттай уақыттан соң әскерилер видеокамераға жазылған видеоматериалдардың бір бөлігін қайтарған.

XS
SM
MD
LG