Accessibility links

Бішкек: Тәжікстанмен шекараға қатысты келісім жасалды


Қырғыз-тәжік шекарасы маңында болған қақтығыс. 4 тамыз 2015 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасы маңында болған қақтығыс. 4 тамыз 2015 жыл.

Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелері бойынша өкілі Құрбанбай Искандаровтың мәлімдеуінше, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы мәселелерге қатысты келісім жасасты деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Искандаровтың айтуынша, екі жақ шекарада қақтығысқа әкеп соқтырған даулы мәселелерге қатысты ымыраға келген.

"Келісімге келдік. Мәселенің шешімі былай болды: тәжік жағы қақтығыс туындауына себеп болған қабырғаның бір бөлігін сүреді. Ал қырғыз жағы тәжік ауылына баратын суды ашады" деді Искандаров.

Осы аптада Қырғызстанның Баткен облысының шекараға жақын Кок-Таш ауылы мен шекараға жақын Тәжікстанның Чорку ауылы тұрғындары қақтығысып қалған. Қақтығыс 3 тамыз күні тәжік азаматтары зиратқа бара жатқан Кок-Таш ауылы тұрғындарының жолын жауып, өткізбей қойғаннан кейін басталған. Оған жауап ретінде қырғыз азаматтары тәжік ауылына баратын канал суын жапқан. Салдарынан екі ауыл тұрғындары арасында қақтығыс туған. Шекаралас ауылдардың 200-ге тарта тұрғыны бір-біріне тас лақтырып, атыс үні естіліп, салдарынан он шақты адам жараланып ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG