Accessibility links

Жеті жыл бұрын Ресей-Грузия қарулы жанжалы басталған


Ресей-Грузия қарулы қақтығысы кезінде туысынан айрылған грузин азаматы. Гори қаласы, Грузия, 9 тамыз 2008 жыл.
Ресей-Грузия қарулы қақтығысы кезінде туысынан айрылған грузин азаматы. Гори қаласы, Грузия, 9 тамыз 2008 жыл.

Ресей мен Грузия арасындағы қарулы жанжал басталғанына бүгін жеті жыл толды.

Сол кезде Тбилисидегі орталық үкіметтің өзін өзі жариялап алған Оңтүстік Осетия мен Абхазия республикаларына қайта бақылау орнатпақ болған әрекетінен соң, 2008 жылы тамыздың 8-іне қараған түні Ресей әскери күші Грузия жеріне басып кірген еді.

Кейбір бейресми деректер бойынша, бес күнге жалғасқан ресей-грузин қарулы жанжалы салдарынан бір мыңдай адам қаза тапқан.

«Тамыздағы бес күндік соғыстан» кейін Мәскеу Грузияның өзін өзі жариялаған екі аймағы – Абхазия мен Оңтүстік Осетияның «тәуелсіздігін» мойындап, сол екі аймақтағы өз әскери базаларына қосымша күш енгізді. Ресей, Венесуэла, Никарагуа және Науру елдерінен өзге әлемдегі барлық мемлекеттер Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Грузияның заңды аумағы деп біледі.

2008 жылы тамыздағы қарулы жанжалдан соң Ресей мен Грузия арасында дипломатиялық байланыс үзіліп қалғанына қарамастан, 2012 жылдың соңында сауда-экономикалық және гуманитарлық мәселелер бойынша диалог қайта жалғасты.

Грузия территориясының біртұтастығы мәселесі Грузия, Ресей, Абхазя, Оңтүстік Осетия, БҰҰ, Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ және АҚШ өкілдерінің қатысуымен 2008 жылдың соңынан бері ұдайы өткізілетін Кавказдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі Женева келіссөздерінде талқыланып келеді.

Грузия-Ресей қақтығысы туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG