Accessibility links

«Коммерсант»: Немцовты екі түрлі қарудан атқан


Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жердегі оның суреті мен гүлдер. Мәскеу, 7 маусым 2015 жыл.

Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жердегі оның суреті мен гүлдер. Мәскеу, 7 маусым 2015 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіргендер екі түрлі тапаншадан оқ атқан болуы ықтимал деп жазады «Коммерсант». Басылым саясаткердің денесіндегі оқ іздерін зерттеген сарапшылар осындай қорытындыға келгенін хабарлаған. Мамандардың болжамы бойынша, Немцовтың денесіне тиген оқтардың үшеуі дыбыс өшіретін құралы бар тапаншадан, ал қалғандары ондай қосалқы бөлшегі жоқ тапаншадан атылған. Саясаткердің денесіне жарақат іздерінің әрқилы боп түсуі оған атылған оқтардың әртүрлі болғанымен байланысты болуы мүмкін деген жорамал айтылып отыр.

Басылымның жазуынша, медициналық сараптама барысында мамандар жарақат іздеріне қарап, оқ атқан кісінің қай жақтан тұрғанын анықтауы тиіс болатын. Бірақ олар Немцовтың денесіндегі жарақаттар оның пальтосы мен свитерін тескен оқ іздеріне сәйкес келмейтінін алға тартып, әлгіндей сауалға жауап бере алмайтындарын айтқан.

Борис Немцовты 27 ақпанда кешкісін Кремль маңында белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен. Оппозициялық қайраткердің қазасына күдікті ретінде тергеушілер бес адамды тұтқындаған. Тағы екі адам – Руслан Геремеев мен Руслан Мухудиновке осы қылмысты ұйымдастырған деген күдікпен іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG