Accessibility links

Ресейде екі күнде 350 тонна азық-түлік жойылған


Смоленск облысында билік шешімімен жойылған жеміс-жидектің қалдықтарын жинап жүрген адамдар.

Смоленск облысында билік шешімімен жойылған жеміс-жидектің қалдықтарын жинап жүрген адамдар.

Ресейде екі күн ішінде үкімет эмбарго жариялаған 350 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері жойылған. Соның ішінде, 312 тонна өсімдік майы мен 36 тонна тоңмай құртылды деп хабарлайды «Россельхознадзор» мекемесі.

Бұған дейін «Россельхознадзор» тамыздың 6-7 күндері санкцияға іліккен 290 тонна азық-түлікті жою жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған еді.

Сонымен бірге ресейлік билік орындары елге жалған құжаттармен келіп жатқан, Ресейде тыйым салынған азық-түлік тауарларын анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын айтады. Алғашқы кездегідей емес, қазіргі кезде шарасы барысында анықталған әлгіндей тауар көлемі азайғаны байқалады. Омбы облысында жалған мал дәрігерлік құжаттармен ұсталған төрт тонна қақталған шошқа майы Қазақстаннан әкелінген болуы мүмкін деп хабарланды.

Ресей президенті Владимир Путин эмбарго жарияланған азық-түліктерді жою туралы жарлыққа шілденің 29-ы күні қол қойған. Ресейдегі дағдарыс салдарынан кедейшілік деңгейі көтеріліп тұрғанда биліктің мұндай шешімі қоғам наразылығын туғызған.

XS
SM
MD
LG