Accessibility links

Калачи ауылына бірнеше отбасы көшіп барған


Калачи ауылы маңындағы Красногорск кентіндегі бұзылған ғимарат. Александр Павлюченко түсірген сурет.
Калачи ауылы маңындағы Красногорск кентіндегі бұзылған ғимарат. Александр Павлюченко түсірген сурет.

Ақмола облысында тұрғындары белгісіз «ұйқы дертіне» шалдыққан Калачи ауылына Красногорский кентінен төрт отбасы көшіп барған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Красногорск ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Владимир Алферов хабарлаған.

«Адамдар онда өз еріктерімен көшіп барған, осыған дейін жартылай қираған көпқабатты үйдегі пәтерлерде тұрып келген олар баспана жағдайын жақсарту үшін жеке учаскесі бар үйлерге көшіп барғанымыз жөн деп шешкен» деген Владимир Алферов, ауылға жаңадан көшіп барғандар ондағы «белгісіз ұйқы дерті туралы хабардар екенін, бірақ қоныс аударуға ол бөгет болмағанын» айтқан.

Ресми ақпарат бойынша, Красногорск ауылдық округіне қарасты Калачи ауылында 600-дей адам тұрады. Одан 600 метрдей жерде тұрған, бұрынғы қала типтес кент – Красногорскіде бір кездері 6,5 мың адам, негізінен шахтерлер тұрған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан 90-жылдарға шейін ол кент маңында уран кеніші жұмыс істеген.

Соңғы бірнеше жылдан бері Калачи ауылында белгісіз «ұйқы дертіне» шалдыққан ондаған тұрғын ауруханаға жатып шыққан. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG