Accessibility links

Қазақстанда төрт қырғызстандық жол апатынан өлген


Жол-көлік апаты болған жер. (Әлеуметтік желідегі сурет)

Жол-көлік апаты болған жер. (Әлеуметтік желідегі сурет)

Қазақстанда жол-көлік апатынан Қырғызстанның 4 азаматы мерт болған. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне Қырғызстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен хабарлаған.

Тамыздың 7-сі күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында, Алматы-Екатеринбург тас жолының 405-шақырымында автобус пен «Toyota Ipsum» маркалы жеңіл автокөлік бір-бірімен бетпе-бет соқтығысып қалған. Апат салдарынан жеңіл автокөлікте келе жатқан Қырғызстанның жеті азаматының екеуі сол жерде мерт болып, тағы екеуі кейін Приозерск қаласындағы ауруханада қайтыс болған.

«Қазіргі кезде Приозерск қаласының орталық ауруханасындағы жансақтандыру бөлімінде Қырғызстанның үш азаматы: екі ер және бір әйел адам жатыр» деп хабарлайды агенттік.

XS
SM
MD
LG