Accessibility links

Назарбаев қаржыны қатаң үнемдеуді тағы тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен биліктегі «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро отырысында үкімет пен әкімдерге қаржыны «қатаң үнемдеуді» тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жаңғырту жұмыстары күрделі жағдайда өтіп жатыр. Біздің экспорттық тауарларымыздың бағасы айтарлықтай төмендеп, бюджет ақшасы азаюда. Сондықтен мен үкіметке және барлық әкімдерге халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджетте қажетті қаражат болуын қамтамасыз ету үшін қаржыны қатаң үнемдеуді тапсырдым» деген Назарбаев.

Сонымен бірге ол өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясына келесі жылы болатын және «күрделі экономикалық жағдайда» өтетін парламент сайлауы науқанына дайындықты қазірден бастау керектігі туралы мәлімдеген.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі болып істеген Асқар Мырзахметовты тағайындаған.

XS
SM
MD
LG