Accessibility links

Ауғанстан: Құндыздағы терактіден 29 адам өлген


Ауғанстанның Құндыз провинциясында жарылыстан қираған көлік қаңқасы жанында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның Құндыз провинциясында жарылыстан қираған көлік қаңқасы жанында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның солтүстігіндегі Тәжікстанмен шектесетін Құндыз провинциясында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 29 адамға жеткен. Мерт болғандардың төртеуі – бейбіт тұрғандар деп хабарлайды Азаттықтың Ауған қызметі.

Террорлық шабуыл сенбі күні кешке Ханабад ауданында болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, талибандық жанкешті жарылғыш зат орнатылған көлікті үкімет жағындағы жасақтың бір топ адамына бағыттап, өзін өзі жарып жіберген.

Бұл оқиғадан бір күн бұрын ел астанасы Кабул қаласында бірнеше жарылыстан кемінде 51 адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG