Accessibility links

Нагасакиде атом қаруы құрбандарын еске алды


Нагасакидегі атом бомбасы шабуылынан кейін тірі қалған 86 жастағы Иошитеру Кохата өзінің оқушы кезіндегі фотосын көрсетіп тұр. 31 шілде 2015 жыл.
Нагасакидегі атом бомбасы шабуылынан кейін тірі қалған 86 жастағы Иошитеру Кохата өзінің оқушы кезіндегі фотосын көрсетіп тұр. 31 шілде 2015 жыл.

Бүгін Жапонияның Нагасаки қаласында бұдан тура 70 жыл бұрын АҚШ-тың атом бомбасы шабуылынан құрбан болғандарды еске алу рәсімі өтті.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:02 кезінде басталған азалы рәсімде қоңырау соғылып, жиналғандар жойқын қару құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 1945 жылы тамыздың 9-ы күні дәл осы уақытта америкалық әскери ұшақ Нагасаки қаласына тастаған жойқын қару салдарынан 70 мыңдай адам мерт болған. Содан үш күн бұрын Хиросима қаласына адамзат тарихында алғаш рет атом бомбасын тастаған еді.

Нагасакиде азалы рәсімде сөйлеген қала мэрі Томихиса Тауэ мен жапон премьері Синдзо Абэ Жапония әлем елдерін атом қаруынан арылуға шақыратынын айтты.

Атом шабуылы құрбандарын еске алу рәсімінде оқылған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Муннің жолдауында Нагасаки мен Хиросимаға жасалған атом қаруы шабуылы «болашақта ешқашан қайталанбауы тиіс» делінген.

XS
SM
MD
LG