Accessibility links

Бауыржан Байбек Алматы әкімі болып тағайындалды


Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек.

Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы қаласының жаңа әкімі етіп Бауыржан Байбекті тағайындады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

41 жастағы Бауыржан Байбек 2013 жылдың қаңтарынан осы кезге дейін Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып келген.

1994-1998 жылдары Германияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған Бауыржан Байбек 1999-2002 жылдары дипломаттық қызметтер атқарған. Ал 2002 жылдан бастап Қазақстан президентінің әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарған.

2008 жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін Алматы қаласының әкімі болып істеген Ахметжан Есімовті бүгін президент Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы етіп тағайындаған.

Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы болып істеген Талғат Ермигяев «аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деген күдікпен маусым айында үйқамаққа алынған соң, бұл қызметті қоса атқару Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке жүктелген еді.

XS
SM
MD
LG