Accessibility links

Түркияда опат болған қыздың сүйегін Астанаға жеткізді


Түркияда апатқа ұшыраған автобус.

Түркияда апатқа ұшыраған автобус.

Түркияда автобус апаты салдарынан қаза тапқан 18 жастағы қазақстандық Аида Сарабаеваның сүйегі ұшақпен Астанаға жеткізілген. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев Twitter әлеуметтік желісінде хабарлаған.

«Аида Сарабаеваның сүйегі бүгін Астанаға жеткізілді. Аиданы әуежайда әкесі тосып алды» деп жазған Алтай Абибуллаев.

Бірнеше постсоветтік елдерден барған туристер мінген автобус тамыздың 6-сы күні Түркияның Пумаккале мен Анталия қалалары арасындағы тас жолда апатқа ұшыраған. Ресми ақпарат бойынша, апат салдарынан қазақстандық Аида Сарабаева және ресейлік үш азамат опат болған. Сарабаева отырған автобуста келе жатқан алты Қазақстан азаматы ауруханаға түскен. Олардың біреуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шыққан.

XS
SM
MD
LG