Accessibility links

Донецкіде ЕҚЫҰ миссиясының төрт көлігі өртенді


Жергілікті тұрғындардың наразылық акциясына қатысушылардың бірі ЕҚЫҰ көлігі әйнегін бояумен айғыздап жатыр. Донецк, 23 шілде 2015

Жергілікті тұрғындардың наразылық акциясына қатысушылардың бірі ЕҚЫҰ көлігі әйнегін бояумен айғыздап жатыр. Донецк, 23 шілде 2015

Украинаның Донецк қаласында өткен түні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясының төрт броньді көлігін өртеп жіберген. Бұл туралы ақпарат ЕҚЫҰ миссиясы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақашасында жарияланды.

«ЕҚЫҰ-ның төрт броньді автокөлігі жексенбіге қараған түні жойылды, жорамал бойынша, оларды әдейі өртеген» делінген ақпаратта.

Бұл оқиға миссия қызметкерлері тұратын орынның жанында болған. ЕҚЫҰ миссиясы мұндай іс-әрекеттерді айыптайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG