Accessibility links

Чернобыль маңында тоғай өртеніп жатыр


«Чернобыльская пуща» орман шаруашылығы аумағындағы өрт. 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

«Чернобыльская пуща» орман шаруашылығы аумағындағы өрт. 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұрынғы Чернобыль атом станциясының апаттан кейінгі шектеу аймағындағы «Чернобыльская пуща» орман шаруашылығы кешені аумағында тоғай өртеніп жатыр. Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, кеше Иванков ауданының Замостье және Ковшиловка елдімекендері маңында даладағы шөп пен орман төсемінен шыққан өрт 32 гектарға жуық аумақты қамтыған.

Өртті сөндіруге 106 адам мен 19 техника қатысып жатқаны хабарланды.

Бұған дейін . Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің төрағасы Николай Чечеткин көп жағдайда шектеу аймағында өрт әдейі тұтатқаннан болады деп мәлімдеген. Соңғы рет бұл ауданда көлемді өрт маусымның соңында болған еді.

XS
SM
MD
LG