Accessibility links

Иран: Экс-президенттің ұлы сотталды


Иранның бұрынғы президенті Рафсанджанидің ұлы Мехди Хашеми.

Иранның бұрынғы президенті Рафсанджанидің ұлы Мехди Хашеми.

Иранның бұрынғы президенті Рафсанджанидің ұлы Мехди Хашеми он жылдық түрме жазасын өтеуді бастады. Оған "қаржылық қылмыс жасады", "ел қауіпсіздігіне кесірін тигізді", "ірі көлемде ақша ұрлады" деген айыптар тағылған. Мехди Хашеми 9 тамыз күні Тегерандағы Эвин түрмесіне қамалған.

Ол журналистерге өзіне қарсы қозғалған істің "саяси астары бар екенін" және "заңсыз сотталғанын" айтқан.

Мехди ісі бойынша сот жабық есік жағдайында өткен. Кейін ол сот процесін мемлекеттік телеарналардан көрсетуді талап еткен.

Хашеми 2009 жылы президент сайлауы кезінде "ереуіл ұйымдастырды" деп айыпталған. Ол 2012 жылы Ұлыбританиядан Иранға оралған кезінде тұтқындалған.

Рафсанджани Иранды 1989-1997 жылдары басқарған. Халықаралық сарапшылар "Иран үкіметі Рафсанджаниге қысым көрсету үшін ұлын соттады" деп болжайды.

XS
SM
MD
LG