Accessibility links

Ахметов ісіне қатысты сот жалғасты


Серік Ахметов Қарағандыдағы сотқа кіріп бара жатыр. 28 шілде 2015 жыл.
Серік Ахметов Қарағандыдағы сотқа кіріп бара жатыр. 28 шілде 2015 жыл.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша сот жалғасып жатыр.

Ахметов ісі бойынша алғашқы сот отырысы 27-28 шілде күндері өткен.

Айыпталушылар арасында Ахметовтен өзге, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдіктерінің бұрынғы бірнеше қызметкері бар.

Сотта барлығы 21 адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оларға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметов "аса ірі көлемде пара алды" деген күдікке ілінген.

Серік Ахметов 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр. Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов өткен жылдың күзінде қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG