Accessibility links

Ахметов ісі: Адвокат судья жұмысына шағым түсірді


Ахметов ісі бойынша айыпталушылар сот залында. 10 тамыз 2015 жыл.
Ахметов ісі бойынша айыпталушылар сот залында. 10 тамыз 2015 жыл.

Ахметов ісі бойынша айыпталған Қарағанды әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Айдос Жакеновтың адвокаты істі қарап жатқан судьяның жұмысына шағым түсірді.

Сот залындағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, авдокат Мейрам Шаймерденов "істің мән-жайын басқа судьяға түсіндіруге тырысатынын" айтқан.

Адвокаттың ұсынысынан кейін сот кеңесу бөлмесіне кеткен.

Қарағандыда өтіп жатқан сотта Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен облыстық және қалалық әкімдіктің 21 қызметкеріне қатысты іс қаралып жатыр.

Айыпталушылар арасында Ахметовтен өзге, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдіктерінің бұрынғы бірнеше қызметкері бар.

Бұл іске қатысты барлығы 21 адам күдікке ілінген. Оларға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметовке бұдан өзге, "аса ірі көлемде пара алды" деген де айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG