Accessibility links

Ахметов ісі: Судья жұмысына шағым қанағаттандырылмады


Авдокат Мейрам Шаймерденов Қарағандыдағы сотта. 10 тамыз 2015 жыл.
Авдокат Мейрам Шаймерденов Қарағандыдағы сотта. 10 тамыз 2015 жыл.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ісі сотында авдокат Мейрам Шаймерденовтың судья Исламхан Есенбаевтың жұмысына қатысты шағымы қанағаттандырылмады.

Бүгін Қарағандыда өтіп жатқан сотта айыпталушы Қарағанды әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Айдос Жакеновтың адвокаты Шаймерденов істі қарап жатқан судьяның жұмысына шағым түсірген.

Қарағандыда өтіп жатқан сотта Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен облыстық және қалалық әкімдіктің 21 қызметкеріне қатысты іс қаралып жатыр.

Айыпталушылар арасында Ахметовтен өзге, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдіктерінің бұрынғы бірнеше қызметкері бар.

21 адамға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметовке бұдан өзге, "аса ірі көлемде пара алды" деген де айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG