Accessibility links

1968 жылғы антисоветтік демонстрацияға қатысушы көз жұмды


Праганың орталығында совет танктерін қоршап тұрған тұрғындар. Чехословакия, 21 тамыз 1968 жыл.

Праганың орталығында совет танктерін қоршап тұрған тұрғындар. Чехословакия, 21 тамыз 1968 жыл.

АҚШ-та 75 жасында бұрынғы совет диссиденті Владимир Дремлюга көз жұмды. Бұрынғы диссидент 1968 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Чехословакияға совет әскерінің кіргізілгеніне қарсылық акциясына қатысқан. Дремлюга 26 мамырда қайтыс болған, бірақ оның қазасы туралы ақпарат тек 9 тамыз күні - әлеуметтік желілерге шыққаннан кейін ғана белгілі болған.

1968 жылы 25 тамызда Қызыл алаңдағы наразылыққа қатысқаннан кейін Дремлюгаға совет лагерінде үш жыл еңбекпен түзеу жазасы кесіледі. Жаза мерзімі аяқталғаннан кейін Дремлюга "түрмеде антисоветтік іс-әрекетпен айналысты" деген айыппен тағы үш жылға сотталады.

1974 жылы босап шыққан Дремлюгаға сол кездегі АҚШ президенті Ричард Никсонның жеке сұрауы бойынша Совет одағынан кетуге рұқсат етіледі. Нью-Джерси штатына орналасқан Дремлюга кейін табысты бизнесменге айналды.

XS
SM
MD
LG