Accessibility links

Кабулде жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Кабул әуежайына кіреберістегі жарылыс болған орын. Ауғанстан, 10 тамыз 2015 жыл.
Кабул әуежайына кіреберістегі жарылыс болған орын. Ауғанстан, 10 тамыз 2015 жыл.

Кабулде әуежай маңында болған күшті жарылыстан жеті адам қаза тапты деп хабарлады Twitter-де Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Вахидулла Маяр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, зардап шеккендер арасында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де бар.

France Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыс орнына бірнеше жедел медициналық жәрдем көлігі барған. Әзірге жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Ауған билігінің мәліметінше, жанкешті әуежайға кіреберістегі бақылау-өткізу пунктінде көлігін жарып жіберген.

Өткен аптада да Кабулде күшті жарылыс болып, салдарынан ондаған адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG