Accessibility links

Түркияда шабуылдардан бірнеше полицей қаза тапты


Стамбулда жарылыс пен шабуыл болған полиция учаскесі маңындағы арнайы жасақ. Түркия, 10 тамыз 2015 жыл.
Стамбулда жарылыс пен шабуыл болған полиция учаскесі маңындағы арнайы жасақ. Түркия, 10 тамыз 2015 жыл.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Силопи қаласында жол жиегіне жасырылған бомба жарылып, төрт полицей қаза тапты. Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, жарылыстан бір полицей жараланған. Силопиде соңғы бірнеше күн бойы күрд бүлікшілеріне қарсы операция жүргізіліп келеді.

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Силопиде күрд бүлікшілері әскери тікұшаққа оқ атып, бір түрік сарбазы қаза тапқан. Жеті сарбаз жараланған.

Ал Стамбулда полиция учаскесіне шабуыл жасалып, бір полицей мен шабуыл жасаған екі адам қаза тапты. Мұның алдында ғана осы полиция учаскесінде жарылыс болып, салдарынан он адам, оның ішінде жеті полицей жараланған.

Бүгін Стамбулдағы АҚШ елшілігіне де екі адам оқ атқан. Оқ атқандардың бірі әйел адам полициямен атыста жараланып, ұсталған.

Стамбулдағы шабуылдарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG