Accessibility links

Тәжікстанмен шекарада қырғыз шекарашысы жараланды


Баткен облысының шекаралас аймағында жүрген полиция микроавтобустары. Қырғызстан, 4 тамыз 2015 жыл.

Баткен облысының шекаралас аймағында жүрген полиция микроавтобустары. Қырғызстан, 4 тамыз 2015 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасында атыстан бір қырғыз шекарашысы жараланды. Бұл жайында бүгін Қырғызстанның шекара қызметі мәлімдеді. Хабарламада оқиға 8 тамызда Баткен облысында қырғыз шекарашылары Тәжікстанның 15 азаматы шекараны заңсыз кесіп өтпекке тырысқанда болғаны айтылады.

Оқиғадан бір тәжікстандық ұсталып, қалған 14-і бой тасалап үлгерген. Хабарламада бұған қоса қашып кеткендердің бірі Тәжікстан территориясында тұрып оқ атып, бір қырғыз шекарашысын аяғынан жаралағаны айтылады.

Оқиға Бішкек пен Душанбе қырғыз-тәжік шекарасында туындаған шиеленісті реттеуге қатысты келіссөз жүргізіп жатқанда болған.

3 маусымда Баткен облысының Кок-Таш ауылы мен Тәжікстанның Чорку ауылы тұрғындары шекарада жол мен суға қатысты жанжалдасып қалған. Кейін мекі жақ арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жараланған.

Даулы әрі бұралаңы көп қырғыз-тәжік және қырғыз-өзбек шекаралары бойындағы шиеленіс түйіні Совет одағы ыдыраған 1991 жылдан бері шешілмей отыр.

XS
SM
MD
LG