Accessibility links

"Талибан" Кабулдегі жарылысты мойнына алды


"Талибан" өкілі Забиулла Муджахид.
"Талибан" өкілі Забиулла Муджахид.

"Талибан" өкілі Забиулла Муджахид бүгін Кабул әуежайы маңында болған жарылысты өз ұйымы жасағанын мәлімдеді.

Ауған билігінің хабарлауынша, бүгін әуежайға кіреберістегі бақылау-өткізу бекетінде жанкештінің өз көлігіне жарып жіберуінен кемінде 5 адам қаза тауып, 16 адам жараланған. Қаза тапқандар саны қазір әлі нақтыланып жатыр.

Ал ішкі істер министрлігі қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштері қызметкерлері де барын айтады.​

Забиулла Муджахид шабуылда шетелдіктер мінген екі көлік нысанаға алынғанын айтып, қаза тапқандар арасында ауғандықтар барын жоққа шығарды.

Кабулде соңғы күндері бірнеше жарылыс болып, ондаған адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.

10 тамызда Кабулда сөйлеген Ауғанстан президенті Ашраф Ғани соңғы шабуылдарға қатысты Пәкістанды сынады. "​Соңғы бірнеше күн Пәкістанда жанкештілерді дайындайтын лагерлер мен жарылғыштар жасайтын орындардың бұрынғыдай әлі де белсенді жұмыс істейтінін көрсетті" деді Ашраф Ғани.

XS
SM
MD
LG