Accessibility links

Донбаста украин әскері мен сепаратистер қақтығысты


Староигнатьевка қаласындағы украин әскерилері. 10 тамыз 2015 жыл.

Староигнатьевка қаласындағы украин әскерилері. 10 тамыз 2015 жыл.

Украина шығысында украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында болған соңғы қақтығыстардан бір украин сарбазы қаза тауып, тоғызы жараланды.

Украина қарулы күштері орталық штабының өкілі Владислав Селезневтің хабарлауынша, украин әскері Донецк облысында сепаратистердің Староигнатьевка қаласына шабуылын тойтарып, қаланы бақылауда ұстап қалған.

Староигнатьевка қаласы сепаратистер бақылауындағы Донецк қаласы мен украин әскері бақылайтын Мариуполь қаласының аралығында орналасқан.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Андрей Лысенко 10 тамызда журналистерге өткен түні 400-ге жуық сепаратист 10 танкі мен 10 БТР-дың және басқа да әскери техникалардың көмегімен Украина әскерінің позицияларына шабуылдағанын айтқан.

Лысенконың сөзінше, "қарсы тарап адам саны жағынан да, техника жағынан да елеулі шығынға ұшыраған".

Ал өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" қорғаныс министрі Эдвард Басурин өз қол астындағы күштер 10 тамызда "украин әскерінің аймақтағы шабуылын тойтарғанын" хабарлады. Оның сөзінше, украин күштері "екі танкі мен бір БТР-ынан және зымыраны бар әскери көлігінен айырылған".

Донбаста 2014 жылы сәуірде басталған Украина үкіметі әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы соғыстан 6 мың 500-ден астам адам қаза тапты.

2015 жылы ақпанда Минскіде қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, келісім талаптары күн сайын бұзылады.

XS
SM
MD
LG