Accessibility links

Немцов ісіне қатысты тағы бір күдікті сөзінен бас тартты


Шадид Губашев

Шадид Губашев

Борис Немцовты өліміне қатысты күдіктілердің бірі Шадид Губашев осыған дейін тергеу кезінде айтқан сөздерінен бас тартып, қайта жауап алуды талап етті. Бұл туралы "Москва" агенттігі мәлімдеді.

Осыған дейін Немцов ісі бойынша қамалғандар Анзор Губашев, Темирлан Эскерханов және Заур Дадаев түрмеде қысым жасалғанын айтып, Ресей тергеу комитетіне шағымданған. Тергеу комитеті Эскерханов пен Дадаевтың шағымын қараудан бас тартқан. Аталған мекеме әзірге Губашевтің шағымы туралы нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал Немцов отбасының адвокаты Вадим Прохоровтың айтуынша, "қылмысты ұйымдастырғандар әлі табылған жоқ".

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты биыл ақпанның 27-сі күні кешке белгісіз біреулер Мәскеу орталығында атып өлтіріп кеткен еді.

XS
SM
MD
LG