Accessibility links

«Астана ЭКСПО-2017» экс-директорын қамау мерзімі ұзартылды


"Астана EXPO" көрмесінің логотипі.

"Астана EXPO" көрмесінің логотипі.

Астанадағы Алматы аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Сұламбек Баркинхоевтың қамаудағы уақытын 17 қыркүйекке дейін созды. Ол "ірі көлемдегі бөтеннің мүлігін заңсыз өз атына аударды" деген күдікпен қамауға алынған.

Өткен аптада Алматы аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті қамау мерзімін 12 қыркүйекке дейін созған.

Талғат Ермегияев 12 маусым күні Астана қаласының Алматы ауданы №2 сотының қаулысымен үй қамаққа алынған. Кейін мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның "4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG