Accessibility links

Грекия кредиторлармен жаңа несие алуға келісті


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия халықаралық кредиторлармен жаңа қаржылай көмек алу туралы келісім жасасты. Бұл Афинаны дефолтқа ұшыраудан сақтап, еуро қолданатын елдер аймағында қалуына мүмкіндік береді.

Грекия қаржы министрлігі өкілінің журналистерге хабарлауынша, келісім кредиторлармен бірнеше сағатқа созылған келіссөзден соң 11 тамызға қараған түні жасалған. Қазір келісімнің кейбір тұстары нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Грекия үкіметі несие берушілермен елдің алдағы үш жылға арналған бюджетін түзетін болып келіскен. Жаңа келісім бойынша, биылғы жылдың соңына қарай Грекияда жалпы ішкі өнім көлемі аздап төмен болып, келесі жылы аздап артады. Бұдан өзге, жаңа келісімде биыл және келесі жылы қосымша үнемдеу шараларын енгізу қарастырылмаған.

Афина алғашқы көмек қаржысын Еуропа орталық банкіне үш миллиард еуродан астам қаржы төлеуі тиіс 20 тамызға дейін алуы керек.

Шілде айында Грекия парламенті Афинаның Еуропа Одағымен 86 миллиард еуро көлемінде жаңа қаржылай көмек бағдарламасы туралы келіссөз бастауына жол ашатын реформалардың бір бөлігін мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG