Accessibility links

Шахматшы Сәдуақасова - Азия чемпионатында бесінші


Динара Сәдуақасова

Динара Сәдуақасова

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Ал-Айн қаласында шахматтан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 6,5 ұпай жинап, бесінші орын алды. Ирандық Митра Хеджазипур (7 ұпай) Азия чемпионы атанды.

Ерлер арасында қазақстандық Рустам Хуснутдинов 5,5 ұпаймен 15-орынды иеленді. БАӘ шахматшысы Салех Салем жеті ұпаймен чемпион болды.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) тамыз айында жариялаған қыздар арасындағы әлемдік рейтингісінде қазақстандық Динара Сәдуақасова алғашқы ондыққа енген. 18 жастағы Сәдуақасова бұл тізімде тоғызыншы болып тұр. Тағы бір қазақстандық – 15 жасар Жансая Әбдімәлік 11-орында.

Ал осы әлемдік рейтингте 72-орынға және бір қазақстандық шахматшы – 11 жасар Бибісара Асаубаева шыққан.

FIDE рейтингісін ресейлік 16 жастағы шахматшы Александра Горячкина бастап тұр.

XS
SM
MD
LG