Accessibility links

Орал әкімдігі алдындағы наразылық


Орал қаласы тұрғыны Ақтоты Нұрғалиева бүгін қалалық әкімдік алдында пикет өткізіп, жергілікті билік өкілдерінен құқықтарын бұзбауды талап етті. Оның айтуынша, 2008 жылы әкімдік жекеменшік «Каризма» компаниясына оның үйі жанынан жер телімін берген және Нұрғалиевтердің үйін «қараусыз» деп таныған. Сотта Ақтоты Нұрғалиеваның баспанасын 1994 жылы жекешелендіріп, осы үйде 28 жылдан бері тұрып келе жатқаны анықталған. Нұрғалиева үйі жанындағы жиһаз өндірісінің тұрмысқа қолайсыздық тудырып отырғанын айтады. Оның ойынша, «цехқа жер телімі заңсыз берілген».

XS
SM
MD
LG