Accessibility links

Қытай юаньді девальвациялады


Қытай юані.
Қытай юані.

Қытай соңғы 20 жылда бірінші рет ұлттық валютасы - юаньді девальвациялады. Қытай ұлттық банкі бүгін юаньнің АҚШ долларына шаққандағы бағасын 1,9 пайызға арзандатты.

Сарапшылар пікірінше, Қытай юаньмен Халықаралық валюта қорында ресми резервтегі валюта мәртебесін иеленуге тырысып жатыр. Сарапшылар бұған қоса бұл шара елдегі экономикалық жағдай кезінде юаньнің ары қарай да нығаюын болдырмау үшін жасалған болуы мүмкін дейді. Юаньнің нығаюына жол берсе миллиондаған адам жұмыс істейтін, экспортқа бағытталған өнеркәсіп саласында жұмыссыздық деңгейі арту қаупі туындайды. Валютаның нығаюы экспорттың қымбаттауына, одан ары бәсекеге қабылеттілік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.

Резервтік валюта мәртебесін әлемде мойныдалған, өзге елдердің орталық банктерінде валюталық резерв ретінде жинақталған ұлттық валюта ала алады.

XS
SM
MD
LG