Accessibility links

Эр-Рияд: ИМ-мен күресте Асадпен бірікпейміз


Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Мәскеу, 11 тамыз 2015 жыл.

Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Мәскеу, 11 тамыз 2015 жыл.

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр Кремльге Эр-Риядтың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы құрамында Сирия президенті Башар Асад билігі бар кез-келген коалицияға қосылмайтынын білдірді. Бұл жайында ол 11 тамызда Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде айтты.

Адел әл-Жубейр Эр-Риядтың Сириядағы қақтығысқа қатысты ұстанымы өзгермегенін және Сирияның болашағында "Башар Асадқа орын жоғын" айтты.

Ресей Сирия президенті Башар Асадпен бұрыннан одақтас және оны биліктен кетіруге ашық қарсы.

Таяу Шығыста Сауд Арабиясына бәсекелес Ресей мен Иран БҰҰ арқылы ИМ-ге қарсы, құрамына Асад билігі де кіретін коалиция құрғысы келеді.

Лавров әл-Жубейрмен кездесуінде БҰҰ арағайындығымен Сирия үкіметі мен "тұтас Сирия оппозициясы" арасындағы келіссөзді қайта бастаудың "ең ыңғайлы мүмкіндіктерін" талқылағанын айтты.

XS
SM
MD
LG