Accessibility links

Өзбекстанда азаматтықтан айыратын қылмыс түрлері бекіді


Өзбекстан паспорты. (Көрнекі сурет).

Өзбекстан паспорты. (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда террористік іс-әрекетпен айналысты, жалдамалы жасақ құрамында шетелде соғысқа қатысты деп айыпталғандарды азаматтығынан айыруды қарастыратын заң қабылданды.

Мемлекеттік ақпарат құралдары Өзбекстан президенті Ислам Каримов 10 тамызда қол қойған азаматтық туралы заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетін заң мәтінін жариялады. Құжатта террористік әрекеттен өзге нәсілдік, ұлтаралық немесе діни алауыздықты қоздырды және "бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы" қылмыстар жасады деп айыпталғандарды да азаматтығынан айыру қарастырылған.

Заң жобасын шілденің 29-ы күні Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы, тамыздың 6-сы күні жоғарғы палатасы мақұлдаған.

Кейбір мәліметтер бойынша, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдеріндегі түрлі исламшыл экстремистік топтар құрамында, оның ішінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен "Өзбекстан ислам қозғалысы" қатарында жүздеген өзбек азаматы соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG