Accessibility links

MH17 құлаған жерден БУК сынықтары табылғаны хабарланды


Шығыс Украина аумағына құлаған "Боинг-777" ұшағының сынықтары. (Көрнекі сурет)

Шығыс Украина аумағына құлаған "Боинг-777" ұшағының сынықтары. (Көрнекі сурет)

Голландиялық тергеушілер Украинаның шығысындағы Malaysia Airlines ұшағы құлаған маңнан Ресейде жасалған «БУК» зымыран кешенінің сынығы табылғанын мәлімдеді.

Апатты тексеруге қатысып жатқан Голландия өкілдерінің пайымдауынша, бұл сынық апатқа себебін анықтауға көмектеседі.

2014 жылы 17 шілдеде Украина шекарасында MH17 рейсімен Амтердамнан Куала-Лумпурге жолаушылар ара жатқан «Боинг-777» ұшағы құлап, ондағы 298 адамның барлығы мерт болған.

Апат себебін зерттеген Нидерланд жетекшілік ететін халықаралық комиссия ұшақты ресейшіл сепаратистер «Бук» әскери зымыранмен атып түсірген деп санайды.

АҚШ сарапшыларының пікірінше, зымыран ресейлік әскерилер көмегіне сүйенген сепаратистер бақылауындағы аймақтан атылған. Ресей мен шығыс Украинадағы сепаратистер болса жолаушылар ұшағының құлауына өздерінің еш қатысы жоқ екенін айтады.

Австралия, Бельгия, Малайзия, Нидерланд және Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін малайзиялық жолаушылар ұшағының құлауына қатысты істі қарау үшін халықаралық трибунал құруға шақырады.

Ресей президенті Владимир Путин шілденің 16-сы күні Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттеге халықаралық трибунал құру «нәтиже бермейтін асығыстық болады» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG