Accessibility links

Ресей азық-түлік санкциясына енетін елдер тізімін кеңейтпек


Ресейде үкімет тыйым салған шетелдік азық-түлік өнімдерін жою шарасы, Орынбор облысы, 6 тамыз 2015 жыл.

Ресейде үкімет тыйым салған шетелдік азық-түлік өнімдерін жою шарасы, Орынбор облысы, 6 тамыз 2015 жыл.

Ресей алдағы уақытта азық-түлік өнімдерін импорттауға тыйым салынатын елдердің тізімін кеңейтпек. Премьер-министрдің орынбасары Аркадий Дворковичтің айтуынша, бұл туралы шешім жақын уақытта қабылданады.

Ресей осыған дейін АҚШ, Канада, Австралия және Еуропалық Одақ елдерінен келетін азық түлікке тыйым салған. Дворкович бұл тізімге енді қандай елдердің енгізілетіні жайлы ашып айтқан жоқ.

Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көресткені үшін Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясына жауап ретінде Мәскеу шетелден келетін азық-түлік өнімдерін елге кіргізуге тыйым салған былтыр қабылданған шешімнің күшін биыл тағы бір жылға ұзартқан.

Ресей президенті Владимир Путин эмбарго жарияланған азық-түліктерді дереу жою туралы биыл шілденің 29-ы күні қол қойған жарлық тамыздың 6-сынан бастап күшіне енген.

XS
SM
MD
LG